Утильалым мөлшерлемесі жарияланатын күн белгілі болды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі қашан жарияланатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген Брекешев утильалым мөлшерлемесі төмендегеннен кейін көліктер арзандай ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бермеді.

«Мөлшерлеме мәселесіне келсек, ертең (23 ақпанда) автокөлік және ауылшаруашылық техникаларына тарифтер жарияланады. Ал аударылған ақша бойынша, ақпарат бәріне белгілі. «ӨКМ операторының» есепшоттарында, «ӨКМ операторының» ЕДБ шоттарында шамамен 220 миллиард теңге бар. Ол қаулы бойынша, «Жасыл Даму» АҚ-қа бірілген», — деді Серікқали Брекешев.

Ол ақшаның қанша бөлігі жеңілдетілген автонесиеге бөлінетінін айта алмады.

Еске салайық, 19 қаңтарда Үкімет «ӨКМ Операторы» ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда кәдеге жарату төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...