Украинада қатаң карантин енгізілді

Украинада 8 қаңтардан бастап COVID-19 таралу қаупіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирус жұқтырғандар санының жартысын қысқартуға бағытталған карантин шектеулері 24 қаңтарға дейін жалғасады. Бұдан басқа, ел үкіметі 28 ақпанға дейін жалпыұлттық карантин мен төтенше жағдай режимін ұзартты. Бұл шектеулер бұған дейін өткен жылдың соңына дейін болған.

Қатаң локдаун енгізілгеннен кейін мектептер мен ЖОО жабылады, бірақ балабақша жұмыс істейді. Көпшілік жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, барлық базардың жұмысы тоқтатылды.

Ойын-сауық, мәдениет мекемелері де толық жабылды. Кафе, бар, мейрамханалар тамақты жеткізіп беру үшін ашық, алайда қонақүйлердегі мейрамханалар толық жабылды.

 

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...