«Үлгілі ауыл» сайысы өз жалғасын тапты

Түркістан облысында сәуір айынан бастап «Үлгілі ауыл» байқауының жаңа кезеңі басталады. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың айтуынша, бұл байқау 2024 жылдан бастап өткізіліп келеді. Былтыр барлық аудан-қалалардан байқаудың облыстық кезеңіне қатысқан елді мекендер ішінен үздіктер анықталып, ережеге сай облыстық бюджеттен өңірлерде құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиісті қаржылар қаралды. «Атап айтар болсақ, жеңімпаз атанған Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылында құны 500 млн теңгеге – дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілсе, 2-орынға жайғасқан Шардара ауданындағы Көксу ауылында – 120 млн теңгеге 2 қабатты ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, үйірмелер орталығы ашылмақ. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында – 37,8 млн теңгеге шағын спорт және балалар ойын алаңшасы, Созақ ауданы Жартытөбе ауылында 26 млн теңгеге балалар ойын алаңының құрылыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі», – дейді Ерлан Бақытжанұлы. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, ережеге сәйкес, аудан орталықтары сайысқа қатыстырылмайды. Биыл оған «Жомарт түлек» тұжырымдамасы да енгізіліп отыр. Бұл бағыт бойынша ауыл азаматтарының әрекеті туған жері мен білім алған оқу орнын абаттандыру, сыртқы көрінісін реттеу, тазалығын сақтау, демеушілік жасау бойынша бағаланады.

Е.КЕБЕКБАЙ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...

Более полувека служения судебной системе

В Алматы по инициативе председателя Алматинского городского суда Армана...

Поворот исполнения решения суда

Поворот исполнения судебного решения – это процессуальный механизм восстановления...