Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау үзілмейді

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған қолдаулар ешқашан үзілген емес. Бұл ұйымдар – азаматтық қоғамның қозғаушы күші. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) грант беру байқауын жариялады. Байқау азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» заң мен Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі. Байқау аясында үкіметтік емес ұйымдар басым бағыттар бойынша жобаларды ұсына алады. Соның ішінде – Инклюзивті қоғамды дамыту, ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру, төтенше жағдайлардағы және төтенше жағдай салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту бағыттары бар. Бұған қоса, «Таза Қазақстан» акциясы аясында, медицина саласын, тарих және мәдениет саласын, әлеуметтік волонтерлікті дамыту басты назарда тұр. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Қазақстандағы мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттесу механизмін жетілдіру бойынша жұмыс істемек. Ол ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды ұсыну арқылы олардың ең үздік идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...