Үкімет резервінен минералды  тыңайтқыштар субсидияланады

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет резервінен тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Ол Мемлекет басшысының 2024–2028 жылдары ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 2 есеге ұлғайту және топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу деңгейін ғылыми негізделген қажеттіліктің 50 пайызына дейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қабылданды.

Қаулы Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде қаражат аударуды көздейді. Бірінші кезекте, қаражаттың негізгі көлемі минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігін іске асыруға бағытталған. Тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі былтыр наурыз айында агроөнеркәсіптік кешенді қолдау аясында енгізілген болатын. Бұл ретте бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған тыңайтқыштарды жеткізу үшін отандық зауыттардың арнайы шоттарына алдын ала аударылады. Жалпы былтыр алғаш рет тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми негізделген қажеттіліктің 40 пайызына жетті. (Оған дейін бұл 21 пайыздан аспаған). 2023 жылдан бастап елде субсидиялау жүйесін реформалау бойынша шаралар қабылданды, бұл оны тиімдірек және ашық етуге мүмкіндік берді. Мәселен, негізгі мемлекеттік ақпараттық деректер базасымен интеграцияланған субсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізілді. Субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін кезек тәртібімен өтінімдердің әділ және дәйекті қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін «күту парақтары» енгізілді. Ауыл шаруашылығы техника сын, жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ тұқым шаруашылығын, қызылша шаруашылығын және қант саласын дамытуға бағытталған субсидиялау нормативтеріне өзгерістер енгізілді. Тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10 кіші түрі жойылды. 2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және субсидиялар төлемдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған субсидиялау тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы – азамат сенімінің негізі

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақытылы және заң талаптарына сәйкес...

От сырьевой экономики к собственному производству: как за семь лет изменилась промышленность Казахстана

Инвестиционная активность является одним из ключевых факторов экономического развития...

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...