Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министірімен бекітілген СҚО бойынша ҚАЖД 2014 жылдың 1 қазаныцндағы № 662 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Шал ақын аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталған адамдар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың қайталануын алдын алу бойынша пробация қызметі мен ішкі істер органының өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру мақсатында, 2022 жылдың 1-ші қазаны мен 1-ші қарашасы аралығыңда «Участок» атты жедел профилактикалық іс-шарасы (бұдан әрі — ЖПШ) өткізілуде.
Қазіргі уақытта Шал ақын аудандық ПҚБ есебінде іздеуге жарияланған сотталғандар жоқ, есепте тұрған адамдар арасынан әкімшілік құқық бұзушылық және қайта қылмыс жасауға жол берілмеді. Шал ақын аудандық ПҚБ және ПБ ЖПҚБ қызметкерлері бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, мекенжайы және жұмыс орындары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, нәтижесі бірлескен анықтама жүзінде есепте тұрған адамның бақылау немесе жеке ісінде көрсетіледі.
ЖПШ «Участок» аралығында есепте тұрған барлық адамдарды ҚР ІІМ «Web-интерфейс» іздеу жүйесі, «Ақпараттық сервис» және ҚР БП ҚСжАЕАК «ҚҚАОААЖ», ҚР ҰҚК «Бүркіт – мемлекеттік органдар клиенті» бірыңғай ақпарттық жүйесі бойынша олардың тарапынан құқық бұзушылықтарды, шетелге шығу, еліміздің ішінде хабарлаусыз жүру, әкімшілік құқық бұзушылықтар және қайта қылмыс жасауларын анықтау мақсатында күнделікті тексеріледі.
Күн сайын «Участок» ЖПШ бойынша атқарылған жұмыс қорытындысы ұдайы түрде СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметінің басқармасы бөліміне баяндалады.
СҚО бойынша ҚАЖД
Шал ақын аудандық ПҚБ
инспекторы
әділет капитаны
А.М.Спаен


