«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында

2025 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін Тұрар Рысқұлов ауданында «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және пробация қызметінде, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды бақылауды күшейту.

Аталған іс-шара барысында пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, сот үкімімен белгілі бір шектеулерге тартылған азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, олардың құқықтық міндеттемелерді орындауын бақылауда.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шара кезінде азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қайталама құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілуде. Пробациядағы тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі мен жұмысқа орналасуына байланысты кеңестер ұсынылады.

«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы қайта қылмыс жасаудың алдын алуға, полиция мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға, сондай-ақ ауданда қауіпсіз және тұрақты жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Бұл іс-шара 2025 жылдың 1 қарашасына дейін жалғасып, Тұрар Рысқұлов ауданының барлық елді мекендерін қамтитын болады.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...