12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында

2025 жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашасына дейін Тұрар Рысқұлов ауданында «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және пробация қызметінде, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды бақылауды күшейту.

Аталған іс-шара барысында пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, сот үкімімен белгілі бір шектеулерге тартылған азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, олардың құқықтық міндеттемелерді орындауын бақылауда.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шара кезінде азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қайталама құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілуде. Пробациядағы тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі мен жұмысқа орналасуына байланысты кеңестер ұсынылады.

«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы қайта қылмыс жасаудың алдын алуға, полиция мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға, сондай-ақ ауданда қауіпсіз және тұрақты жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Бұл іс-шара 2025 жылдың 1 қарашасына дейін жалғасып, Тұрар Рысқұлов ауданының барлық елді мекендерін қамтитын болады.

Мукагали Макатаев о языке и ответственности слова

Для Мукагали Макатаева язык был не просто литературным инструментом,...

«ЭКОЛОГИЯ және ТҰРАҚТЫ ДАМУ» МАҚСАТЫ БОЙЫНША «ТАБИҒАТҚА ҰҚЫПТЫ ҚАРАЙЫҚ!»

(Жаңа Конституция жобасы бойынша ұсыныс есебінде) «Әділеттілік, Заң мен Тәртіп,...

ҚҰҚЫҚТЫ БІЛМЕУ – ҚАУІП, ҚҰҚЫҚТЫ БІЛУ – ҚУАТ

Қазіргі заманғы қоғамды құқықсыз елестету мүмкін емес. Құқық –...

Применение информационных технологий в судебной системе: роль цифровых сервисов и значение «Судебного кабинета»

Современное правосудие невозможно представить без активного применения информационных технологий....

Алматинская молодежь поддержала проект новой Конституции

Молодежь Алматы высказалась в поддержку проекта новой Конституции В комьюнити-центре...