«Участок» атты жедел профилактикалық іс-шара

2022 жылдың қазан айынан бастап Астана қаласының аумағында Астана қаласы Алматы ауданының полиция қызметкерлері және Астана қаласы Алматы ауданының пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп «Участок» атты жедел профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.

Бұл іс-шараның басты мақсаты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған азаматтардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылыққа, кайта қылмыс жасауға жол бермеу, және іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерлерін анықтауы.

Сотталған адаммен, сондай-ақ олардың бірге тұратын туыстарымен сотталған адамның кайтадан қылмыс жасауына жол бермеуі және әкімшілік жауапкершілікке тартылмау туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Осы іс-шара жүргізу барысында сотталған «Г» пробация қызмектерін хабардар етпей тұрғылықты жерін ауыстырғаны анықталды. Осыдан кейін сотталган «Г»-мен профилактикалық сипатағы әңгіме жүргізіліп, түсініктеме алынып, жазбаша ескерту берілді.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...