12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Учаскелік полиция инспекторлары «Қауіпсіз қала» іс-шарасы барысында ескертпе қағаздарын таратты

Түркістан – туристік аймақ. Сондықтан бұл мекен жергілікті тұрғындармен қатар, алыс-жақын шетелдерден, еліміздің басқа өңірлерінен келетін қонақтар үшін қауіпсіз болуы тиіс. Осы мақсатта Түркістан ҚПБ-ға жаңадан тағайындалған басшы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев жеке құрамға нақты тапсырмалар берді.

Бірінші кезекте түсіндіру жұмыстарына басымдық берілді. Яғни Түркістан қалалық Полиция басқармасында қызмет ететін барлық учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық «Қауіпсіз қала» іс-шарасын ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары өздеріне бекітілген аумақтағы әрбір ойын-сауық орындары, дүкендерде, сауда орталықтарына арнайы кіріп, мүлікті қорғау, ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түрлі кеңестер жазылған ескертпе парақтарын таратты. Сондай-ақ полицейлермен адамдар көп шоғырланатын орындарға жаднамалар жабыстырылды. Одан бөлек бөтеннің мүлкін ұрлау белең алып отырғандықтан, түркістандық полицейлер бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстарын қарқынды іске асыруда. Ескертпе қағаздарында бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз, бейнебақылау камераларының бірін көшеге қаратып орнатыңыз, қандай да бір ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияға бірден хабарласыңыз деген кеңестер жазылған. Осы тұста ескертеміз: Сіз үйіңізден, кәсіптік мекемеңізден шығар кезде есіктер мен терезелерді жауып, өз мүлкіңізге мұқият болуға шақырамыз. Автокөліктердің де есіктерін кілттеп жүруді естен шығармаңыз. Сіз, осы қарапайым қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, ұрлықтың алдын аласыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әлібек Қуантыров: Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайту

Бүгін Астанада KGIR‑2025 алаңында «Логистикалық трансформация және болашақтың азық-түлік...

Жанара Берікқызы: «Нарық Қазақстанды тұрақты өсімі бар, сенімді серіктес ретінде қабылдап отыр»

Елімізде сыртқы факторларға тәуелділікті азайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға...

KGIR-2025: Астанада Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтті

Бүгін Астанада Қазақстанның негізгі инвестициялық форумына айналған KGIR-2025 –...

Бахтияр Тлеубеков: АХҚО бүгінде Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпірге айналды

Бүгін Астанада KGIR-2025 жаһандық инвестициялар жөніндегі форум басталды. Инвестициялық...