12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Уақыт белдеуінің өзгеруі: ұялы байланыс операторлары үндеу жасады

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары біртұтас уақыт белдеуіне көшуге байланысты өз абоненттеріне үндеу жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Activ/Kcell абоненттері Қазақстанда 1 наурызға қараған түні сағаттың өзгеруіне байланысты болуы мүмкін техникалық ақаулар туралы SMS-хабарламалар алды.

«Үкіметтің UTC + 5 уақыт белдеуіне көшу туралы қаулысына сәйкес 29 ақпанда 23:00 (UTC +6) мен 1 наурыз 06:00 (UTC +5) аралығында сервистерді ықтимал шектеумен техникалық жұмыстар жүргізіледі. Банктер, мемлекеттік сервистер және басқалар сияқты серіктестер жүргізетін қосымша сервистерге уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екеніне назар аударамыз», — деп хабарлады Activ баспасөз қызметі.

Компания «жаңа уақыт белдеуіне көшуге байланысты техникалық жұмыстар барасында мүмкін болатын шектеулерді болдырмау үшін» абоненттерге тарифті алдын ала – биылғы 29 ақпанға дейін төлеуді ұсынды.

Tele2 операторының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне қызметтердің жұмысындағы уақытша өзгерістерді жоққа шығармайтынын хабарлады.

«Түнгі уақытта кейбір қызметтердің жұмысында қысқа мерзімді үзілістер тудыруы мүмкін төлем жүйелерін ауыстыру бойынша сәтсіздіктер көп емес. Абоненттер түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз. Оператор бұл өзгерістерді абоненттерімізге барынша ыңғайлы ету үшін бар күш-жігерін салады», — деді Tele2 өкілдері.

Beeline да тұтынушылар үшін ескерту дайындап жатыр. Олар ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.