Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: министрлік мәлімдеме жасады

«Уақытты кері қайтару» петициясын қарау бойынша жұмыс тобының екінші көпшілік тыңдауы өтті. Әртүрлі облыстардан келген сарапшылар петиция авторының бірінші отырыста көтерілген сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Сауда және интеграция министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алмагүл Қауышева соңғы жарты жылдағы статистикалық мәліметтерді жария етті.

Ол ауқымды қорытындылар жасау үшін бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен бері өте аз уақыт өткенін атап өтті.

«Бірыңғай уақыт белдеуін енгізген күннен бастап көп уақыт өткен жоқ, алысқа баратын қорытынды жасауға әлі ерте. Биылғы маусымдағы мәліметтер бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген адамдар саны 0,1 пайызға азайды. Биылғы 6 айда қан ауруларының 13,7 пайызға, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардың 11,3 пайызға төмендеуі байқалды, онкология бұрынғы деңгейде қалды. Аймақтық тұрғыда ШҚО-да қан айналымы жүйесінің ауруларының 15,9 пайызға, онкологияның 1,5 пайызға және психикалық бұзылулардың 12,2 пайызға төмендеуі байқалды. Алматы бойынша, қан айналымы жүйесі ауруларының, онкологияның 2,3 пайызға, психикалық бұзылулардың 15,8 пайызға төмендеуі байқалады», — дейді Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.

Еске салайық, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.