ТЫҢ ҚОҒАМ, ТЕҢ МҮМКІНДІК

Жақында Мемлекет басшысы көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар секілді әлеуметтік санаттағы топ өкілдерімен проактивті жұмыс істеу, сондай-ақ заңнама аясында олардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін қадап айтты. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың мәселесін шешуге айрықша назар аударып, осы санатқа жататын отандастарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін заңнамалық және институттық базаны жетілдіруге тапсырды.

Қазіргі таңда елімізде осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, оларды жұмыспен қамтуға басымдық берілген. Осы орайда жақында «Оқыту және дамыту» жобасы аясында Көкшетаудағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер туралы, сондай-ақ «Халықты әлеуметтік қорғау, халыққа арналған өзекті әлеуметтік бағдарламалар» тақырыбы бойынша Аналар кеңесі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында «БЖЗҚ»АҚ, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ өкілдері өз қызмет салаларындағы барлық өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтып, дөңгелек үстелге қатысушы көпбалалы аналар, кеңес мүшелері сұрақтарына жауап берді. Әсіресе мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту мәселесіне ден қойылды. Тіпті, қажет болған жағдайда мамандандырып, қайта жұмыспен қамту да жолға қойылған. Өңірде Ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастыру аясында 299 инфрақұрылымдық жобаны іске асырумен 8 ұлттық жоба шеңберінде 5 810 азамат жұмысқа орналастырылған. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту 2021–2025 жылдар» ұлттық жобасы бойынша ашылған жұмыс орынының ең көп үлесі 2023 жылға тиесілі болып отыр. 2,1 мыңнан астам аталмыш жоба аясында жұмыспен қамтылған. Ал субсидияланатын жұмыс орындары шеңберінде 2,9 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылған. Жобаның мақсаты: зейнеткерлік жасқа дейінгі тұлғаларға жұмыс ұсыну, жобаның ұзақтығы 36 айдан аспайды, жалақы мөлшерінің 50 пайызы, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. 2023 жылы бұл көрсеткіш — 103 500 теңге болып есептелсе, 2024 ж. — 110 760 теңге болып белгіленіп отыр. Аз да болса өсім бар. Сондай-ақ, былтыр жұмыс берушілердің сұранысы бойынша және жұмыс берушінің жұмыс орнында 485 жұмыссыз азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті. Оқу аяқталғаннан кейін олардың 93,2 пайызы жұмысқа орналастырылды, атап айтсақ 442 адам бітіріп, 412 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы өңірде санатына қарамастан барлық тұрғындарды жұмысқа орналастырудың шаралары қолға алынған. Көкшетаудағы Достық үйінде «Оқыту және дамыту» жобасын ұйымдастыруға мұрындық болған Ақмола облысы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Анаргүл Хаиржанқызы «Халықтың кейбір әлеуметтік мәселелерін шешу үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Кейде әлеуметтік осал топтағы азаматтарымыз өзін қоғамнан шеттетіп ұстайды. Ал біз өзіміз ұйымдастырған түрлі шараларда тең қоғам орнатып, барынша олардың өзін осы қоғамның мүшесі сезінуі үшін күш саламыз», – дейді.

Қуаныш ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...