Отан қорғаушылары күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу жоспарына сәйкес Ұлы Отан соғысының және оған теңестірілген ардагерлеріне, олардың жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне тұрғылықты мекен-жайы бойынша бару іс-шаралары жалғасуда .
Ағымдағы жылдың 5 мамырында Алматы 1 ст. желілік полиция басқармасы басшылығы мен Алматы 2 ст. желілік полиция бөлімшесі бастығы, Көліктегі Оңтүстік-Шығыс полиция Департаменті Алматы қаласы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Нурова Батима Әбішқызы қолдауымен Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген Көліктегі Оңтүстік-Шығыс полиция Департаментінде Тергеу бөлімі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған отставкадағы милиция полковнигі Ионин Валентин Савельевичтің отбасына барып, тыл ардагерімен кездесу ұйымдастырылды. Еңбек және тыл ардагеріне жемістер себеті мен қаржылай көмек көрсетілді.
Өз кезегінде Валентин Савельевич Алматы 1 ст. желілік полиция басқармасы басшылық тарапынан көрсетілген ілтипатқа алғысын айтып, сұм соғыс жылдарындағы тылдағы еңбегі жайлы, көлік полициясындағы еңбек жолы жайлы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, игі іс-шараны жалғастыра келе Ұлы Отан соғысының ардагерлері жесірлеріне де ілтипат көрсетіліп, Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап азық-түлік пен жемістер себеті тапсырылды, яғни 97 жастағы Адышева Лидия Александровна, 92 жастағы Букарака Анна Петровна, 96 жастағы Бордулева Вера Александровна тыл ардагерлеріне алғыс айтылып, ізет-ілтипат көрсетілді.
Алматы 1 ст. Желілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.А.Бекебаев – «9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығында соғыс және тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында ардагер-қариялардың отбасыларына бардық. Әрбір ардагердің қызмет жолымен танысып, болашақ ұрпақ үшін өнеге болатын қызметтеріне бас иеміз. Осындай еңбек , соғыс және тыл ардагерлерімізді қолдап, көмек көрсету – басты парызымыз деп ойлаймын, — деді, өз сөзінде.
Осындай көрсетіліп жатқан игі іс-шаралар әлі де өз жалғасын табады.
Алматы 1 ст. ЖПБ