12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тыйым салынған затты тасымалдау заңмен жазаланады

Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты Қызылорда қаласындағы №68 мемлекеттік мекемесі қызметінің қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі басым бағыттарының бірі сотталғандарға тыйым салынған заттардың түсуіне жол бермеу, олардың ҚАЖ мекемелеріне келіп түсу арналарын анықтау және жабу, осы құқық бұзушылықтарды жасауға кінәлі адамдарды (қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік) жауапқа тарту болып табылады.

Осы орайда мекеменің Режим және күзет бөлімі тыйым салынған заттардың ішке өтіп кетпеуіне байланысты әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Соның бірі ретінде, режим бөлімі бастығының орынбасары әділет капитаны Ерлан Романкулов №1 БӨП(бақылап өткізу пунктінде мекемеге келіп-кетіп тұратын қамаудағылардың туыстары мен адвокаттары, құқық қорғау органдары мен әртүрлі мекемелерден келетін өкілдерге арнап түсіндірме жұмысын жүргізді. Әділет капитаны өз сөзінде :

ҚР ӘҚБ туралы 2014ж 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ 481-бабы бойынша мекемеде ұсталынып отырған азаматтардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған заттарды( алькогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есенгірететін әсері бар заттарды, ақшаны және басқа да заттарды) жете тексеруден жасырып беруге әрекеттенген жағдайда алғашқы рет болса, он айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер, екіншірет қайталанса жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Немесе, отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады. Осындай жағдайларда жазаға тартылатындығын әрдайым ескертіп жүрсекте, темір тордағыларға келетін жақындары тарапынан әлі де тыйым салынған заттарды әкеліп беру фактілері анықталуда.

Жыл басынан бері осындай 12 дерек анықталды. Және бұл деректер бойынша әкімшілік құқықтық жаза тағайындалғанды — дей келе, фронт офистегі көрнекі үгіт стендтерін нұсқап көрсетіп, жазылған жайттарға, аса назар аударып жүру керек екендігін қатаң ескертті.

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...