12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Туысының донер жасайтын аппаратын ұрлаған

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, пәтерінде тұрған құны 130 000 теңге болатын донер жасайтын аппаратын белгісіз біреу жымқырып кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Кентаулық қырағы жедел-тергеу тобы тұрғынның мүлкін жымқырып, ұрлық жасаған күдіктіні анықтау мақсатында әрекет етті.

Көрген-білгендерден сұрастырды. Жау алыстан келмейтінін ескеріп, осы бағытта жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жәбірленушінің бұрын сотты болған туысы екені расталды. Анықталғандай, туысының үйінде ешкім жоқ сәтте кірген сезікті рұқсатсыз аппаратты алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан оны Түркістан қаласына апарып сатып, ақшасын өз қажеттіліген жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдануға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №11...

ҚАЖ қызметкерлері желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Тәуелсіздік күні қарсаңында...