12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Соңғы кездері елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының жиілегені байқалып отыр. Сондықтан отбасылық жанжалдардың алдын алу, тұрмыстық тиранды тезге салудың түрлі жолдары қарастырыла бастады. Соның ішінде заңнаманы қатайту, отбасылық құндылықтардың насихатын арттыру, дағдарыс орталықтарын көбейту секілді шаралар жедел қолға алына бастады. Дегенмен әлі де болса қоғамымызда тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары азаймай тұр.

Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек. Əсіресе, бұл бағыттағы жұмыстардың ішінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» заңның маңызы зор. Көп жағдайда отбасылық жанжал кезінде нəзік жандылардың зардап шегетінін ескерсек, 2024 жылғы 15 сəуірде Мемлекет басшысы қол қойған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заң еліміздегі əйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Мəселен бұрын ұрыпсоғу жəне денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру əкімшілік құқық бұзушылық ретінде сараланып келсе, енді осы тектес қылмыстар үшін былтыр қабылданған заңда қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жазаларға 80-нен 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жəне 50 тəулікке дейін қамауға алу жатады. Ал жəбірленушіні азаптағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсау лыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Яғни, жаңа заң бойынша əйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік біршама күшейтіліп отыр. Кəмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша татуласу мүмкіндігі алынып тасталды, жас баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды, ұрлау жəне заңсыз бас бостандығынан айыру үшін жауапкершілік күшейтілді. Кейбір өңірлерде қыз алып қашу дəстүрінің əлі де бар екенін ескерсек, бойжеткендердің құқығын қорғауда бұл құжаттың маңызы зор болып отыр. Жалпы, Ата Заңымызда да адамды оның қадір-қасиетін қорлайтын зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету бойынша қағидаттық ережелер бекітілген. Мəселен, 17-бапта «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жəбір көрсетуге не жазалауға болмайды» делінген. Елімізде барлық азаматтардың құқығы Ата Заңымызбен шегеленіп көрсетілген. Десе де «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» заң қоғамның əрбір мүшесінің құқығын шегелеп бергендей.

Алуа БЕКТУРГАНОВА,
Астана қаласының əкімшілік
құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының
судьясы

Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

2025 жылғы наурыз айының 11-14 аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық...

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы...

Тоқаев жаңа маңызды тасжол құрылысы басталатыны туралы жариялады

Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің...

“Бір адам бірнеше рет алған“. Тоқаев марапаттарды ретке келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың IV сессиясында сөйлеген...

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлікті дәстүрлі мәдениет арқылы нығайтудың...