12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзуға жол бергені үшін ЖШС-не айыппұл салынды 

 

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің 320 бабы 1 бөлігі құрылыс салушының, уәкілетті компанияның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын, оның ішінде ашылуға жататын ақпараттың мазмұнына, сондай-ақ оны тарату тәртібіне қойылатын талаптарды бұзуы не құрылыс салушының, уәкілетті компанияның дәл емес, толық емес немесе анық емес ақпаратты таратуы бойынша ЖШС ««ПСНС»-ғақатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сот отырысында Өскемен қаласы Қ.Сатпаев даңғылы 28 мекен жайында орналасқан «ПСНС» нысан бойынша тұрғын үй кешені, құрылыс салушы «М» «premiumstroy.uka»  жария бетінде «Instagram» әлеуметтік желілерде ЖШС құрылыс кезеңінде пәтерлерді брондау туралы жарнама орналастыру арқылы үлескерлердің қаражатын тарататыны анықталды. «Қазақстандық тұрғын үй» АҚ кепілдігі  жоқ компания» не жергілікті атқарушы органның  үлескерлердің  ақшасын тартуға рұқсаты жоқ.

Сот отырысында «ПСНС» ЖШС-нің өкілі К. құқық  бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық көлемде  мойындайтынын түсіндірді. 

Сот отырысына қатысушылардың  түсіндірмелерінен  басқа, құқық  бұзушылық фактісі «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы  басқармасы»  ММ хатымен, «ҚЖК»  АҚ  хатымен,  скриншоттармен және істің басқа да материалдарымен  расталады.

Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде сот ӘҚБтК-нің 55 бабының талаптарын ескереді, құқық  бұзушылық алғаш рет жасалды, баптың баламасыз санкциясы және іс бойынша жауапкершілікті  жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, заңды  тұлғаларға 300  айлық есеептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік  жаза қолданады.  ӘҚБтК-нің 829 бабы 11 бөлігі 2 тармағы  негізінде әкімшілік айыппұл сомасын отыз пайызға  қысқарту қажет деп санайды.

12 ақпандағы 2025 жылғы сот қаулысымен  «ПСНС» ЖШС-і ӘҚБтК-нің 320 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және мемлекеттік  бюджет кірісіне  825720 теңге көлемінде әкімшілік  айыппұл түрінде  әкімшілік жаза  қолданылды.

           Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Өскемен қаласының әкімшілік 

құқық бұзушылықтар жөніндегі 

мамандандырылған соты

әкімшісінің басшысы                                                                             Ш.А.Ислямова

Неке бұзудан отбасылық даулар туындайды

Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік...

Ата Заң — мемлекеттің негізгі және тұрақтылықтың кепілі

Еліміздің Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея....

Исполнение приговора суда

Исполнение приговора суда является завершающей стадией уголовного судопроизводства, обеспечивающей...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...