Тұрғын үй нарығын қандай өзгеріс күтіп тұр?

Елде ҚҚС бойынша жеңілдіктер жойылғаннан кейін жылжымайтын мүлік қаншалық қымбаттайды? Тұрғын үй нарығын қандай өзгеріс күтіп тұр? Бұл сұрақтарға Krisha.kz сарапшылары жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәселенің мәні неде?

Елде тұрғын үйді сату кезінде ҚҚС төлеу бойынша жеңілдікті алып тастауды көздейтін жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленді.

ҚҚС — қосымша құн салығы. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл мемлекетке төленетін салық, ол тауарлар мен қызметтердің бағасына қосылады. Бүгінде Қазақстанда ҚҚС 12 пайыз.

ҚҚС бойынша жеңілдіктердің жойылуы неге әкеп соқтырады?

Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюковтың айтуынша, қолданыстағы тұрғын үйді жайлылық класына қарай жіктесек, эконом, комфорт, бизнес, элиталы класс бар. Әдетте 7-11 пайыздық ең төменгі маржиналдық пайда эконом және комфорт классты тұрғын үйлерден түседі. Қосымша салық енгізілген жағдайда бұл минималды пайда да жоғалады.

«Әрине, бағалар бірден 12 пайызға өспейді. Құрылысшы компанияда орташа есеппен 9-10 пайыз көлемінде есепке алынатын ҚҚС үлесі бар. Бұл сома объектіде ҚҚС төлеуші-компаниялардың қанша жұмыс істегеніне байланысты. Сондықтан тұрғын үй құнына қосымша 12 пайыз емес, 9-10 пайыз көлемінде ҚҚС қосылады. Егер ҚҚС төлеуші компания саны көп болса, қосылатын сома 7 пайыз болуы да мүмкін», — деді ол.

Ал ҚР Құрылысшылар одағының Астана филиалының директоры Вячеслав Лазарев мұндай жағдайда құрылыс компаниясы не құрылыс салуды тоқтататынын, не бағаны көтеретінін айтады. Өйткені басқа жолды таңдаса, өзіндік құн өтелмейді.

«Кейбір құрылыс салушылар жобаны аяқтау үшін пайда түспейтін құрылыс жұмыстарын жалғастырады. Бірақ болашақта мұндай компаниялар құрылыс жұмыстарын бастамайды, себебі жобаның шығыны көп, компаниялар пайда табудан қалады. Бұл кез келген тұрғын үй сегментіне, әсіресе жаппай құрылысқа қатысты. Бүгінде мұндай құрылыстардың рентабельділігі 10-15 пайыз деңгейінде ғана. Егер оған тағы 12 пайыз қосылса, онда құрылыс компанияны шығынға әкеледі, не пайдасыз болады, ал бұл құрылыс салушыларға тиімсіз», — деп түсіндірді ол.

Сатып алушылар мен тұрғын үй нарығына қандай қауіп төнуі мүмкін?

Сарапшылар бірнеше осал тұстарын атады:

  • Бағаның өсуіне байланысты сатып алу қабілетінің төмендеуі;
  • Эконом және комфорт класты жобалардың азаюы. Мұндай жобалар көптеген құрылыс компания үшін тартымсыз болып қалады;
  • Құрылыс қарқынының баяулауынан бастапқы нарықтағы баға өседі: сұраныс тұрақты болғанымен, ұсыныс азайған сайын баға көтеріледі.

Жеңілдік қашан жойылады?

Жеңілдік ресми түрде жойылған жоқ. Қазір Салық кодексінің жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Бұл құжаттың соңғы нұсқасы емес және қабылданғанға дейін қосымша келісу рәсімдерінен, сондай-ақ Парламентте талқылаудан өтеді.

Сонымен қатар құрылысшы компаниялар үшін өтпелі кезең жоспарланған. ҚҚС-тан босатылатын нысандар:

  • Егер тұрғын үй құрылысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған немесе пайдалануға берілген болса;
  • Егер тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру туралы келісімшарт 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалса.

Басқа барлық жағдайда құрылыс салушылар ҚҚС төлеуге міндеттеледі.

Кодексті 2025 жылғы шілдеде қабылдап, 2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енгізу жоспарланып отыр.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.