Тұрғымбаевтың ұсталуы: Бас прокуратура мән-жайды айтты

Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді әлі де тергеп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімін бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған.

«Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 19 наурыздан бері БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Ішкі істер министрлігін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жарыса жазыла бастады. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ, азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін бірқатар басшылар мен қызметкерлер сотталған.

Бас прокуратураның 20 наурыздағы мәліметі бойынша ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған. 

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.