«Тұрақты даму мақсаттарының — сапалы білім беру»

Тұрақты даму мақсаттарының — сапалы білім беру бағыты бойынша 2025 жылғы 19 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://farabi.university Философия және саясаттану факультетінде педагогикалық практика аясында «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Бұл тәрбие сағатты 1 курс магистранты Кенжеев Омарқожа Охапқожаұлы  «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттермен жүргізді. Тәрбие сағат барысында өсіп келе жатқан жастарымызға және болашақ ұрпақтарымызға білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Еліміздің болашағына байланысты және де білімді адамның қоғамға қосар үлесі жайында қазақ зиялыларының айтқан сөздері талқыланды. Тақырыпқа байланысты студенттер арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, әр студент өзінің ғылым және білімді болашақ туралы көзқарастарымен бөлісті. 

«Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаттың соңында мен де өз ойымды қосып, тәрбие сағаттың мазмұны мен маңызын атап өттім. Жас практиканттың  алғашқы тәрбие беру жолындағы қадамы мен студенттердің білімге деген ынталары дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушыларынан жоғары баға алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

дінтану және мәдениеттану кафедрасының

профессоры Н.Ж.Байтенова, профессор Қ.М.Борбасова

 Дінтану мамандығының

1 курс магистранты О.О. Кенжеев

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...

Цифрлық технология сот жұмысын жандандырды

Цифрлық технология мен жасанды интеллект сот жүйесін жаңғыртты. Заманауи...