Тұман, жаңбыр, өзендерде су деңгейінің көтерілуі — синоптиктер ескерту жасады

Синоптиктер 1 сәуірде еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті. Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында өзен деңгейінің көтерілуі және елді мекендерді су басу қаупі бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада және Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Таңертең оңтүстік-батыстан және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аймақтарда тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ, батыста тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Атырау облысында тұман күтіледі.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

«2024 жылғы 2 сәуір мен 5 сәуір аралығында Қостанай және Қостанай облысында ауа температурасының күндіз +12+17, облыстың оңтүстігінде +20 градусқа дейін күрт көтерілу болжамына байланысты, түнде 0+5 градусқа дейін, жаңбыр жауады, қар қарқынды түрде ериді, еріген ағынды судың және облыс өзендерінде мұз режимінің әлсіреуі салдарынан су деңгейінің одан әрі жоғарылауы күтіледі. Сонымен қатар, жолдарды, елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды су басу қаупі сақталады», — деп хабарлады «Қазгидромет».

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.