Турнир бізді достастырды

Алматыда балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Nauryz cup – 2025» халықаралық турнирі өтті. Балалар жас ерекшелігі бойынша топ-топқа бөлініп өзара күш сынасты. 

Мәселен, 2013 жылы туған балалар арасындағы жарысқа Алматы, Астана, Бішкек, Қарағанды, Қаскелең, Қонаев, Өскемен, Петропавл, Түркістан қалаларынан 20 команда қатысты. Алғашқы іріктеу кезеңінде олар төрт-төрттен бес топқа бөлініп күш сынасты. Одан кейін өз тобында 1-2 орын алғандар ширек финалда 1-8 орын үшін таласты. Солардың бірі Петропавл қаласындағы «Жеңіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы болды. Біз топтық іріктеу кезеңінде Алматының «KIFS А», «SD Famili» және Бішкектің «FC Asiagoal» командаларымен «С» тобында ойнадық. Бірінші турда «KIFS А»командасын 3:2 есебімен жеңіп, 2-турда «FC Asiagoal» командасымен 1:1 есебімен тең түстік. Ал 3-турда алматылық екінші командадан 3:1 есебімен басым түстік. Жартылай финалда «В» тобының үздігі болған Алматы қаласының «FFC» командасынан 0:2 есебімен жеңіліп, 5-орынды қанағат тұттық. Бірінші орын үшін болған сайыста Бішкектің «DORDOI» командасы «FFC» ойыншыларынан 3:0 есебімен басым түсті. Ал үшінші орын үшін болған сайыста Қонаев қаласының «ОФМБЖСМ» командасы Алматы қаласының «FC Arystan 2014» командасынан 3:4 есебімен жеңілді. Бұл біздің команданың қатысып отырған биылғы алғашқы турнирі. Былтыр бірқатар аймақтық және республикалық жарыстарда бақ сынағанбыз. Олдардың кейбірінде жеңімпаз болып, бірқатарынан жүлдегер атанып қайттық. Оқу мен футболды қатар алып жүрген оқушылар арасынан бұл жолы да өзімізге жаңа достар таптық. Бапкеріміз Георгий Датоевич бізге әрдайым жеңсек тасымай, жеңілсек жасымай әрбір жарыстан кейін тәжірибемізді шыңдай түсуге үйретті.

Ерасыл ЕРЖАН, Петропавл қаласындағы Сафуан Шаймерденов атындағы гимназияның 6А сынып оқушысы

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...