Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ант қабылдады

Бүгін үкімет отырысында жаңа туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ант қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға салтанатты түрде ант етемін. Өзімнің барлық іс-әрекеттерімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстануға. Қазақстан халқына адал қызмет етуге, елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға ант етемін», — деді министр Мырзабосынов ант мәтінін айтып.

Премьер-министр Олжас Бектено министрлер кабинетінің жаңа мүшесінің қызметіне табыс тіледі.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.