12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Туризм академиясы директорының қар барысы терісімен түскен суреті: тергеу басталды

Алматы полиция департаменті редакциямыздың ресми сауалына Туризм және спорт академиясы директорының ісі қандай сатыда екенін айтты. Бұған дейін қазақстандықтар Қайрат Закирьяновтың Қызыл кітапқа енген қар барысының терісімен түскен суретіне наразы болған еді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Закирьяновтың ісін Алмалы аудандық полиция басқармасы қарап жатыр.

«Алмалы аудандық полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабында көзделген «Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаймыз.

Алайда ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», — деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабында 3 мың АЕК-ке (8 751 000 теңгеге дейін) дейінгі айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Еске салайық, биыл 20 қаңтарда кабинетіндегі қар барыстарының терілерімен суретке түскен спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың басы дауға қалған болатын. Закирьяновпен бірге түскен суретті спортшы Жанкош Тұраров Instagram желісінде жарияланған. Суреттерден арыстан, сілеусін, барыс пен құстардың терісін көруге болады.

Спорт және туризм академиясы президентінің бұл суреті қазақстандықтардың ашуына тиген. Кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...