Туляремия

Туляремия — Francisella tularensis бактериясы тудыратын бактериялық инфекция. Ауру адамға жәндіктердің шағуы арқылы, жұқтырған жануарлармен байланыс кезінде немесе ластанған су көздері арқылы жұғуы мүмкін. Francisella tularensis — грамтеріс, факультативті анаэробты, жоғары уыттылығы бар бактерия.

Жұғу жолдары:

— кенелер мен масалардың шағуы, жұқтырған жануарлармен (мысалы, қояндармен, тиіндермен) байланыс;

— бактериялар бар аэрозольдерді жұту.

Ауру белгілері: инкубациялық кезеңі 3-14 күнге дейін созылады. Негізгі белгілері: қызба, қалтырау, бас ауруы, шаршағыштық және лимфа түйіндерінің ауыруы. Кей жағдайларда теріде жаралар пайда болуы және тыныс алуда қиындықтар туындауы мүмкін.

Туляремия жұқтыру қаупін төмендету үшін келесі сақтық шараларын сақтау маңызды:

—  кеміргіштермен күрес: ғимараттар мен аумақтарды дератизациялау, өнімдер мен суды кеміргіштерден қорғау;

— жәндіктерден қорғау: репелленттерді және қорғаныш киімді (ұзын жеңді, шалбардың балағын шұлыққа салып кию) қолдану;

— тағамның гигиенасы мен қауіпсіздігі: ашық су көздерінен алынған шикі суды ішпеу, өнімдер мен қоқысты кеміргіштер жете алмайтын жерлерде сақтау, тығыз жабылатын ыдыстарды пайдалану. Кеміргіштер зақымдаған өнімдерді, сондай-ақ кеміргіштер тістеген жидектер мен саңырауқұлақтарды пайдаланбау. Жабайы жануарлардың етін мұқият термиялық өңдеу;

— шаңды жағдайда жұмыс істегенде: қорғаныш маскаларын немесе респираторларды қолдану;

— табиғатта: қалың бұталар мен биік шөп өскен жерлерден аулақ болу, шабылған шөп пен сабанда немесе жердің үстінде төсенішсіз ұйықтамау. Кене бар-жоғын мұқият тексеру.

Туляремия — зооноздық инфекция, және оның өршуі кейбір географиялық аймақтарда, әсіресе ауылды жерлерде кездесуі мүмкін. Бұл қауіпті, бірақ бақыланатын ауру. Жұғу жолдарын білу, профилактикалық шараларды сақтау және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну асқынулардың алдын алып, толық жазылуға мүмкіндік береді.

Спикер – Алпысбайұлы Қасымхан

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы — Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...