Түркиядағы теракт: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

СІМ Анкарадағы терактіде зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Түркиядағы терактіде зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл ақпаратты СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Еске салайық, шабуыл сәрсенбіде Түрік аэроғарыштық компаниясы — Анкарадағы TUSAŞ зауытының аумағында болған. Түрік бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, алдымен куәгерлер кәсіпорын қақпасындағы жарылысты естіген, содан кейін атыс болған.

Кейін Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын жүргізді.

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.