12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің қоғамда заң мен тәртіп орнауы қажет.

Осыған байланысты бүгін Түркістанда «Заң мен Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» форумы Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы аудандары прокурорларының қатысуымен өтуде.

Бұл іс-шараның мақсаты — жұмыстағы жүйелі проблемаларды анықтау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, пікір алмасу және прокуратура органдарының алдына қойылған міндеттерді шешудің нақты жолдарын әзірлеу болып табылады.

Прокурорлар әріптестерімен жұмыстағы тәжірибелерімен және қол жеткізген нәтижелерімен, сондай-ақ болашақ жоспарларымен бөлісті.

Бірліктің берік тұғыры

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын...

Салық кодексіндегі жаңа жеңілдіктер: ескі көліктердің екінші тынысы

Статистика көрсеткендей, елiмiздiң автопаркiнiң жартысынан астамы осы жеңілдікті пайдалана алады. Әңгіме 11 жылдан асқан көліктер туралы болып отыр. Шыққанына11-20 жыл аралығындағы жеңіл көліктер үшін 30 пайыздық және ескі көліктер үшін 50 пайыздық салық жеңілдігін бекітетін норма құжатта қалды. Кодекс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Сол кезден бастап жеңілдіктер қолданыла бастайды. Мысалы, 2026 жылдың ақпанында ескі автокөлікті сатқан жағдайда, оның иесіне салықты 2025 жылға дейін ескі мөлшерлеме бойынша (егер ол төленбесе), ал 2026 жылы иелену уақытында жаңа, төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлеу қажет болады. ҚР Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның ішінде жеңіл көліктер саны -...

Мәртебесі биік мемлекеттік мереке

Тұңғыш Конституцияның тарихы 1993 жылдан бастау алады. Қолданыстағы Конституция 1995 жылы...

Түркиядағы Абай есімі —  бауырластықтың белгісі

2025 жылы Қазақстан мен бүкіл түркі әлемі ұлы ақын,...