Түркістан облысындағы мопедтерді тіркеу: алғашқы тұрғын құжаттарын рәсімдеді

Түркістан облысында пилоттық жоба аясында Кентау қаласының тұрғыны тіркелген мопедтің алғашқы иесі атанды.

Нақтырақ айтсақ, 47 жастағы әйел облыс орталығындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, тиісті құжаттарды тапсырды.

Ол 2019 жылдан бері жүргізуші куәлігі бар екенін айтып, 2023 жылы шыққан «TANK 400» маркалы мопедін тіркеуге шешім қабылдаған. Қажетті рәсімдерден өткеннен кейін әйел техникалық төлқұжат пен мемлекеттік тіркеу нөмірін алды.

Өз кезегінде Кентау тұрғыны полиция қызметкерлеріне көлік құралын тіркеуге жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Бүгін біз облыс бойынша бірінші болып мопедке мемлекеттік нөмір алдық. Полиция мен арнайы ХҚКО қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Барлығына көп рахмет!» — деді мопед иесі.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопед иелерінің жауапкершілігіне қатысты заңнамадағы түзетулер күшіне енетінін атап өткен жөн.
Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және заңнаманың барлық талаптарын сақтауға міндетті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...