Түркістан облысында жылдамдық арттыру бойынша 439 мыңнан астам жайт анықталды


Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолдарда жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жан-жақты шаралар атқаруда. Соңғы үлгідегі «Кибер-шериф», «Кордон про М», дрон қолдану арқылы жол ережесін бұзушыларды анықтап, ескерту жұмыстарын жүргізуде.
Бұл жаңа құрылғылардың мүмкіндігі жоғары, үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтықтан тіркей алады. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің мемлекеттік тіркеу белгілері арқылы тани отырып, инспекторды хабардар етеді. Оның ішінде «Кибер-шериф» арқылы іздеуде жүрген көлік құралын тез арада анықтауға болады.
Баршамызға белгілі жол көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жылдамдықты арттыру. Жыл басынан бері облыста 439 мыңнан астам жылдамдықты шектен тыс асыру дерегі анықталып, құқық бұзушы жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылған. Мәселен патрульдік полиция «Шымкент-Самара» тас жолында автоматтандырылған жылдамдық өлшегіш «Автоураган» кешенімен қызмет атқару кезінде сағатына 60 шақырыммен басқару керек, сағатына 102 шақырыммен басқарған «Hyundai Polisade» маркалы автокөлікті анықтады.
Сондықтан құрылғы жүргізушілердің жауапкершілік деңгейлерін жоғарылату үшін қолданылады!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...