Түркістан облысында полицейлер бір тәулік ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады

Түркістан облысының аумағында 14-18 қазан аралығында өткізіліп жатқан «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады. Оның ішінде 229 шетел азаматы мен Қазақстан Республикасының 51 азаматы тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен ҚР Көші – қон заңнамасын бұза отырып, шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз бергені үшін 40 құқық бұзушы және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін-11 ҚР азаматына шара көрілді.
Сайрам ауданында көші-қон саласының қызметкерлері ҚР Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған жақын шетелден келген 4 азаматты анықтады, оларға қатысты жинақталған материалдар сотқа жіберілді.
Сондай-ақ халықтың көші-қоны туралы ҚР Заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен 60 шетелдік азамат елден шығарылды.
Өз кезегінде полицейлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...