Түркістан облысында «Cyberpol» қызметкерлері дроперлерді анықтап, жәбірленушіден алғыс алды

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы «Cyberpol» тобының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынынан алаяқтық жолмен ақша алған дроперлерді анықтады.

Өзін банк операторымын деп таныстырған алаяқтар жәбірленушіге қоңырау шалып, оның абонет нөмірінің мерзімі біткенін хабарлаған. Содан сенімге кіргеннен кейін қайта тіркелу үшін 4 таңбалы құпия сөзді айтуын сұраған. Содан кейін ер адамға алаяқтық жолмен 3 миллион теңгеден астам сомаға банктерден несие рәсімделген.

Қылмыстық істі тергеу барысында Cyberpol қызметкерлері қажетті жедел іс-шараларды өткізіп, дроперлерді анықтап, қала тұрғынына 1,5 миллион теңгесін қайтаруға көмектесті. Жәбірленуші өз кезегінде тәртіп сақшыларына қылмысты ашуға көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.

Полицейлер азаматтарға онлайн-платформаларды пайдалану және келісім жасасу кезінде мұқият болу, бейтаныс адамдарға сенбеу, алаяқтық болған жағдайда 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласу қажеттігі туралы ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Заң мен тәртіп әр тұрғынның құқығын қорғаудан басталады

Заң мен тәртіп - бұл қылмыспен күрес және жасалған...

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы – соттардың өз қызметі туралы заңда...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Тіл — халықтың тарихи жадын сақтаушы құрал. Қазақтың мақал-мәтелдері,...

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...