Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы қоғамдық қабылдау өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Есембекұлы Айтпаев заң мен тәртіп қағидаты аясында халықтың уәждерін тыңдап, кері байланыс орнату мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ғимаратында өткен қабылдауға Полиция департаментіне қарасты Тергеу, Өзіндік қауіпсіздік, Штаб, Криминалдық полиция, Жергілікті және әкімшілік полиция т.б. басқармалардың басшылары қатысты.

Кездесуді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық маслихат депутаты Қалыйма Жантөреева жүргізді.

Қабылдауға алдын ала жазылған 30-ға жуық тұрғын өзінің көкейдегі сауалдарын қойды. Мәселен, Кентау қаласынан келген тұрғынның бірі жол көлік оқиғасы бойынша соттың шешіміне наразы екенін айтса, келесі бірі балабақшадағы бүлдіршін ұлының жарақат алып, сол мекеменің ұжымына қатысты іс қозғауды сұрады. Ал Түркістан қаласынан келген бір топ азамат көліктерін сатып алып, ақшасын қайтармаған автосалон иелеріне қатысты істің баяу жүріп жатқанын жеткізді. Әрбірінің мәселесін мұқият тыңдаған полиция басшысы, айтылған уәждердің оң шешілуі үшін жауапты полицейлерге сол сәтте тапсырмалар берді.

Шара соңында полиция полковнигі Бағланбек Есембекұлы: «Бүгінгі қабылдауға, аяқсыз қалған арыздарымен, жеке құрамның кейбір полицейлерінің іс-әрекетіне қатысты сын-пікірлерімен бірқатар тұрғындар келді. Әрбір уәж бойынша мұқият жан-жақты зерделеп, құқықтық көмек көрсетуді тапсырамын. Сонымен қатар халықпен тікелей диалог құру және ашықтықты нығайту мақсатындағы мұндай қабылдаулардың берері мол. Сондықтан біздің міндет – қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу, осы жолда халыққа мінсіз қызмет ету»-деп сөзін қорытындылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...