12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласындағы жұмысы

Ел Конституциясының 12-бабының 2-тармағында «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп көрсетілген.

Ал Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағына сәйкес орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету әділет органдарына жүктелген міндеттің бірі болып табылады. Осыған орай аумақтық деңгейде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдер мен тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттеріне жүктелген.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Сондай-ақ, осы аталған Заңның 18-бабының 6 тармағына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» қағидасы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою тәртібін айқындайды.

Өз құзыреті шегінде қабылданған жергілікті мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары мемлекеттік тіркеуге Әділет департаментіне ұсынылуда.

Осыған орай, Түркістан облысының Әділет департаментіне 2023 жылы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің (әрі қарай-НҚА) 736 жобасы ұсынылған. Оның ішінде: 213 НҚА мемлекеттік тіркеуден өтіп, 215 НҚА пысықтауға кері қайтарылған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылғаны жоқ.

«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қолданыстағы заңнаманы бұзуды жою туралы 3 ұсыныс енгізіліп, аталған ұсыныстар заңда белгіленген мерзімдерінде қаралып, қанағаттандырылып, заң бұзушылықтар түзетілді.

Сонымен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 457-бабымен нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осыған орай Кодекстің 457-бабының 1-тармағы бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органының лауазымды тұлғасына қатысты 1 әкімшілік іс қозғалып, әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімімен құқықтық түсіндіру жұмыстары мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының қызметкерлерін өкілдерін тағылымдамадан өткізу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Түркістан облысы Әділет департаментінің

нормативтік құқықтық актілерді тіркеу

бөлімінің бас маманы Н.Құдайбергенов

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...