Түнде тыныштықты бұзғаны үшін қанша теңге айыппұл салынады?

Қазақстанда түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін айтарлықтай айыппұл қарастырылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

Жұмыс күндері сағат 22:00-ден кейін және демалыс күндері сағат 23:00-ден кейін шулауға тыйым салынады, бірақ бәрі бірдей бұл ережелерді сақтамайды. Мысалы, бір ғана Батыс Қазақстан облысында 2024 жылы тыныштықты бұзғаны үшін 3 074 адамға айыппұл салынған.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес адамдардың тыныштығына кедергі келтіретін кез келген шу құқықбұзушылық болып саналады», — деді полиция.

Тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар:

  • жеке тұлғаға 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге);
  • шағын кәсіпкерлік иелеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге);
  • орта кәсіпкерлерге 30 АЕК (2025 жылы 117 960 теңге);
  • ірі кәсіпкерлік иелеріне 100 АЕК (2025 жылы 393 200 теңге).

Егер бұл бір жыл ішінде қайталанса, айыппұлдар көбейеді:

  • жеке тұлғалар, шағын және орта бизнес үшін екі есе.
  • ірі бизнес үшін 150 АЕК-ге дейін (2025 жылы 589 800 теңге).

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...