ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің нұсқауына сәйкес 2022 жылдың 23 мамыры күні сағат 11:00-де БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде құқықтану мамандығы бойынша машықтан өтіп жатқан Орал қаласы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 және 3 курс студенттерімен салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау бағытында тренингтік сабақ өткізілді.
Тренинг «Ассоциация», «Арифметикалық таңбалар», «Ақыл-оймен футбол ойнау», «Құқықтану еліне саяхат», «Пішін» және т.б. жаттығулардан тұрды. Студенттер тренингке үлкен қызығушылық, белсенділікпен қатысып, бойларындағы артық жағымсыз энергиялардан арылып, бір-бірлерінің бойларынан жағымды деген сапаларды танып-білді. Тренинг соңында студенттер бір-бірлеріне алдағы өмірлеріне жылы лебіздерін айтып, рефлексия орнады.