Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты.

«Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», — деп жазылған жеделхатта.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.