12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тоқаев Қазақстанда АЭС-ті кім салуы керек деген сұраққа жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясын кім салуы керек деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы атом электр станциясына қатысты референдумда дауыс берді, одан кейін брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Құрметті журналистер, бүгін – еліміз үшін тарихи сәт. Халқымыз атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысып, дауыс берейін деп отыр. Бұл референдум – тікелей демократияның айқын көрінісі. Бүгін қабылданатын шешім мемлекеттің болашағына әсер етіп, ел тағдырына ықпал ететін түпкілікті байлам болмақ», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумнан оң нәтиже күтетінін жеткізді.

«Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде бүгінгі референдум тағдыршешті маңызға ие, ал болашақта осындай демократиялық оқиғалардың саны артқан сайын, халқымыз үшін тек жақсылық болары сөзсіз. Себебі еліміз осындай маңызды мәселелерге өз даусын беру арқылы шешім қабылдап жатыр. Мен референдумды қолдаймын», – деп атап өтті.

Сондай-ақ «АЭС-ті кім салады?» деген сұрақ та талқыланды. Президент бұл мәселеде үкіметке нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керектігін айтты.

«Үкімет сараптама жасап, тиісті келіссөздер жүргізуі қажет. Менің жеке пікірім бойынша, Қазақстанда ең озық технологияларды қолданатын әлемдік деңгейдегі компанияларды біріктіретін халықаралық консалтингтік топ жұмыс істеуі керек», – деді Тоқаев.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...