ТОЛҒАНЫП, ТОЛҒАП, ЖЫРЫМДЫ…

(Қазақстанның көк туы, гимні, гербі туралы толғам)

         Шұғылалы күн туып ортасынан,

         Қалықтап қыран ұшқан бұлт астынан!

         Сағақта ұлттық өрнек алтын түстес,

         Көк туым желбіреп бір көз тартады,

         дегендей, аспан—көкте шырқалсын ән!

         Ерекше көк байрағым асқақтайды,

         Желден де, дауылдан да бас тартпайды.

         Үстінде Ақ Орданың желбіреп тұр,

         Күндіз—түн, ай мен жылда қас қақпайды.

         Көргендер Туымызды тамсанады,

         «Қазақ Елі, қазақ» деп жар салады!

         Әлемнің жүз жиырма елі құшақ жайып,

         Қуанышпен көк Туды қарсы алады!

         Әнұран халқымыздың серпінді үні,

         Тәуелсіз еліміздің еркіндігі!

         Жан дауыс, асқақ мінез, арманынан,

         Көрінер—ұлтымыздың мүмкіндігі.

         Елімнің ертеңі мен болашағы,

         Әнұранмен астасып жол ашады.

         Халқымыздың бақыты, мәңгілігі,

         Ғасырлармен сырласып санасады.

         Елтаңба—шаңырақтың куәсіндай,

         Адамзат, игілігі—ұясындай!

         Киіз үй—тарихтан сыр тартады,

         Сәулетті өнерінің болмысындай!

         Елтаңба, көк Туым мен Әнұраным,

         Өрнекті өміріммен таңғаламын!

         Тәуелсіз ақ Орданың белдеуіне,

         Байлайтын, бабамыздың арғымағын!

                                            Ермекова Айгүл

Геральдикалық зерттеулер орталығы.

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...