Тоқтар Әубәкіров мемлекеттік қорық аумағында заңсыз қасқыр ауламақ болды

Қазақстандық тұңғыш ұшқыш, бұрынғы Мәжіліс депутаты, елімізге танымал тұлға Тохтар Әубәкіров мемлекеттік қорық аумағында заңсыз қасқыр ауламақ болды деген желіде әңгіме таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватының аумағында Тоқтар Әубәкіровтың аң аулауы туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева түсініктеме берді.

«Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлағандай, биыл Тоқтар Әубәкіров «саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін (қасқыр) алу» қызметін алуға 3 рет өтінім берген. Барлық өтінімдерге дәлелді бас тарту берілді. Сондықтан, өтініш иесіне бұл аумақта аң аулауға рұқсат берілмеген», — деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, браконьерлік фактілері туралы хабарланғаннан кейін резерватта мобильді топ құрылып, рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

«Қазіргі уақытта бөтен адамдар байқалмаған, бірақ резерват аумағынан кіру және шығу іздері табылды.Рейдтік іс-шаралар жалғасуда», — дейді ол.

Айта кетейік, «Алтын дала» резерваты ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылады және бұл жерде аң аулауға заңмен тыйым салынған. Сондықтан мұндай аумақтардағы аң аулау әрекеттерінің кез-келген көрінісі браконьерлік іс болып саналады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес ЕҚТА- ға заңсыз аң аулағаны үшін ең жоғарғы жаза — мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, халықтың тарихи жадын сақтайтын...

Дау мұраты – бітім

Қазақ халқы ежелден «Дау мұраты – бітім» деп, кез...

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...

«Бүркітші» dark-триллерінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті....

Сот төрелігінің ашықтығы – қоғам сенімінің негізі

Сот жүйесіне деген қоғамдық сенім – құқықтық мемлекеттің маңызды...