spot_img
spot_img

Тоқтар Әубәкіров мемлекеттік қорық аумағында заңсыз қасқыр ауламақ болды

Қазақстандық тұңғыш ұшқыш, бұрынғы Мәжіліс депутаты, елімізге танымал тұлға Тохтар Әубәкіров мемлекеттік қорық аумағында заңсыз қасқыр ауламақ болды деген желіде әңгіме таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватының аумағында Тоқтар Әубәкіровтың аң аулауы туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева түсініктеме берді.

«Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлағандай, биыл Тоқтар Әубәкіров «саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін (қасқыр) алу» қызметін алуға 3 рет өтінім берген. Барлық өтінімдерге дәлелді бас тарту берілді. Сондықтан, өтініш иесіне бұл аумақта аң аулауға рұқсат берілмеген», — деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, браконьерлік фактілері туралы хабарланғаннан кейін резерватта мобильді топ құрылып, рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

«Қазіргі уақытта бөтен адамдар байқалмаған, бірақ резерват аумағынан кіру және шығу іздері табылды.Рейдтік іс-шаралар жалғасуда», — дейді ол.

Айта кетейік, «Алтын дала» резерваты ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылады және бұл жерде аң аулауға заңмен тыйым салынған. Сондықтан мұндай аумақтардағы аң аулау әрекеттерінің кез-келген көрінісі браконьерлік іс болып саналады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес ЕҚТА- ға заңсыз аң аулағаны үшін ең жоғарғы жаза — мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Мобильді журналистика: Телефон арқылы әлемді қалай көрсетуге болады?

Әлемде әр түрлі өзгерістер, технологиялық және ғылыми жетілдірулер үнемі...

«Әлеуметтік жәрдем орталығы» арқылы қарияларға қолдау көрсетті

Алғыс айту күні - күрделі заманда иық тіресе бірге...

Алғыс айту күні атап өтілді

Алғыс айту күні - күрделі заманда иық тіресе бірге...

Әкімшілік соттың судьялары дөңгелек үстел өткізді

▪️Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бастамасымен Ақтөбе облысы...

Алматы облыстық ҚАЖД-да қызметкерлердің отбасылары медальға ие болды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Алғыс...