Тоқаев, Жапаров және Мирзиеев Ыстықкөлде бейресми кездесу өткізді

20 шілдеде Шолпон-Ата қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бейресми кездесу өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.

Президенттердің бейресми кездесуінен суреттер мен видеоны Ақорда мен Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі жариялады.

Тоқаев пен Мирзиеев сәрсенбіде 21 шілдеге жоспарланған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпон-Атаға келді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары аймақтық интеграцияның келешегін әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық жағдай аясында қарастырады деп күтіледі. Саммит қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қою жоспарланған.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...