Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасады

Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеуге үш триллионнан астам теңге бөлінеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің бағдарламамызда негізгі 4 басымдық бар. Бірінші — әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы — әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән беріледі.

Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз», — деді ел президенті.

Тоқаев Астанада ТМД елдерінің ЖИ форумын өткізуді ұсынды 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Қазақстандағы риелторлар: Олардың табысы қанша және жаңа талаптар не үшін керек? 

Қазақстанда риелторлық қызметті реттеуді күшейту жоспарланып отыр. Тиісті заңнамалық түзетулер пакеті қазірдің өзінде Құрылтайдың қарауына жіберілген.

Алматыда 200-ге жуық жеке үй сүріледі: Қай көшелердегі үйлер бұзылады? 

Алматыда реновация бағдарламасы аясында ескі көпқабатты тұрғын үйлермен қатар жеке үйлерді де бұзу жұмыстары басталды,