Тоқаев Президент ТРК ұжымын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне 25 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады», — деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, Президент Телерадиокешені жұмысының негізгі нәтижелерімен танысты.

«Ширек ғасыр ішінде оның қызметкерлері 800 деректі фильм түсірген. 2019 жылдың 20 наурызынан бері Мемлекет басшысының қызметі туралы 600 сағаттық видеотүсірілім жасалып, 56 деректі фильм, 450 видеоролик дайындалған.

Көптеген видеоматериал Telegram және YouTube әлеуметтік желілеріне жүктелген.
Президенттің Телерадиокешені Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Абайдың қара сөздері» және «Қуатты өңірлер — қуатты Қазақстан» деректі фильмдер циклын түсіруді жоспарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ақорда» резиденциясында орнатылған UHD (4K) аппараттық-студия кешені таныстырылды. Бұл кешен жоғары сапалы видеотүсірілім жасауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Телерадиокешеннің ұжымына ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларды жедел әрі сапалы жариялап көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, ТРК қызметкерлеріне жаңа шығармашылық табыс тіледі», — деді Берік Уәли.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...