Тоқаев қос азаматтығы бар шенеуніктер туралы пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық алу деректері туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы мұндай заңбұзушылықтың жазасын қатаңдатуды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салған елдер тобына жатады. Бұл норма Конституциямызда бар. Алайда кейінгі уақытта тіпті шенеуніктердің арасында қос азаматтық барын анықтап жатырмыз. Бұған түсінікті себеппен тыйым салу керек. Бұл өте ауқымды проблема, себебі ұлттық қауіпсіздігімізге қатысы бар. Мұндай деректердің алдын алу керек.

Былтыр Жолдауымда қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік сектордағы басшыларды қызметінен босатуды тапсырғанмын. Үкімет пен Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктен атқарған жұмысын баяндауды сұраймын. Соған қарағанда, мұндай заңбұзушылық жауапкершілігін күшейту керек», — деді Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бесінші отырысында.

Бірнеше ай бұрын Желіде шымкенттік шенеуніктің қос азаматтығы бары туралы ақпарат пайда болған. Кейін мәліметті қала әкімдігі жоққа шығарған, алайда полиция өкілдері бұл мәліметті растаған.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...