12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Иран тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен бағыттарын талқылады.

Президенттер екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бері 30 жыл ішінде ынтымақтастықтың түрлі саласы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан мен Иранның көшбасшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажет деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «қасіретті қаңтар» оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдіргені үшін Ибрахим Раиси мен иран халқына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын айтып, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...

Код рода: возвращение к корням

ЕСЛИ БЫТЬ ЧЕСТНЫМ, КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ РАССМАТРИВАЛ РОДСТВО...

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...