Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

  • «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Еске салайық, түзетулердің мақсаты — қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және оған басшылық еткені үшін жауапкершілікті күшейту. Сондай-ақ, азаматтарды қаржы пирамидасына тартуға әкеп соққан ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті заңнамалық тұрғыда реттеу. Заң жобасы бойынша қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Түзетулер бойынша:

  • қаржы (инвестиция) пирамидаларын құрғаны және оларға басшылық еткені үшін жазаны қатаңдату;
  • қаржы (инвестиция) пирамидасы ақпаратын жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрон ақпарат ресурстары арқылы елеулі залал келтіре отырып, адамдарды тартқандарға қылмыстық жауаптылықты енгізу;
  • қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалағаны үшін тергеуді тағайындау.

Қаржы пирамидаларын жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. 1-бөлім бойынша 2000 АЕК дейін айыппұл cалынуы немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. 4-бөлім — білікті құрам, мұнда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.

Президент кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады 

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Дрондар жол ережесін бұзғандарды анықтайды: Қазақстан жолдарында бақылау күшейтілді 

Полиция жолдағы тәртіпті дрондар, мобильді кешендер және орташа жылдамдықты анықтау жүйелері арқылы бақылайды.

Қазақстан экономикасы жеті айда 4,1%-ға өсті 

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр.

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 

Синоптиктердің айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура сияқты факторлар әсер етеді.