Тоқаевқа жаңа өкілеттіктер берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беретін заңға қол қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Сенат заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру екенін хабарлаған.

Заң жобасы бойынша ұсынылады:

— қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;

— халық саны 400 мыңнан аса адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;

— аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;

— Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;

— Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру.

Арычный цейтнот

В ЭТИ ДНИ КИПИТ НЕ ТОЛЬКО ПОГОДА. В АЛМАТЫ...

Алматыда қоғамдық тұрақтылық пен қылмыстың алдын алу басты мақсат!

Алматы қаласында «Қауіпсіз қоғам» қағидасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар...

МЯТЕЖНЫЙ ПРОКУРОР, ОБВИНЕННЫЙ В «ПРАВОМ УКЛОНЕ» И «НАРУШЕНИИ РЕВОЛЮЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ»

(Джамбейты-Жымпиты, 1929-1930 гг.) Светлой памяти помощника прокурора Б. Нурмухамедова Аннотация. В...

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.