Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы құттықтауында Тұңғыш президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды.

«Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді», – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Тұңғыш президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.

Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды 

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды.