Тоқаев Чех Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

43

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент құттықтауында екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталып, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында беки түсетініне сенім білдірді, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал чех халқына құт-береке тіледі.